
The Golden Spurtle
Көрсетілімдер
Бағдарламада
Деректі кино көбіне қақтығыстарды, апаттар мен күрмеуі қиын мәселелерді — назар аударуды өте қажет ететін шындықтың ауыр тұстарын арқау етеді. Алайда «The Golden Spurtle» назарымызды өмірдің басқа, көп байқала бермейтін тұсына бұрып, кішкентай дүниеден үлкен мағына табады. Фильм күнделікті өмірдің тек жаһандық мәселелер төңірегінде бірігуден ғана емес, өзгелерге ұсақ-түйек болып көрінетін дүниеге үлкен мән бере білетін жандардың арқасында да мағыналы бола түсетінін еске салады. Мұқият құрылған композиция, түстер мен ұсақ бөлшектерге баса назар аудару осы бір шағын әлемге ерекше әр беріп, оның деректі киноға тән табиғи шынайылығын бұзбайды.
- Топтамалар
- SPOT DOC × Tselinny
Синопсис
Шотландияның Каррбридж қалашығында кәдімгі сұлы ботқасының төңірегінде қызу тартыс өршиді. Осымен 30 жыл қатарынан мұнда сұлы ботқасын әзірлеуден әлем чемпионаты өтіп келеді. Бұл дүбірлі додаға жергілікті тұрғындар ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар ағылып келеді. Олардың алдында қиын міндет тұр: бар-жоғы үш-ақ ингредиенттен — су, тұз және сұлы жармасынан әлемдегі ең дәмді ботқаны пісіру қажет. Қатысушылар өз рецептін шебер шыңдап, жарысқа қызу дайындалып жатқан тұста, осы шараның көпжылдық ұйымдастырушысы Чарли Миллер ісін тапсырып, зейнетке шығуға қамданып жүр. Оның көңілінде чемпионаттың ертеңіне деген алаңдаушылық басым. Жарыс рухы, аспаздың тапқырлығы мен шараның болашағына деген шынайы жанашырлықтың тасасынан осы бір ерекше дәстүрдің тамырын үзбей жалғасуына себепкер жандардың мейірімге толы, көңілді бейнесі көрініс табады.
Фильм туралы
- Режиссер
- Constantine Costi
- Жыл
- 2025
- Ел
- Ұлыбритания, Аустралия
- Ұзақтығы
- 75 мин
- Жанр
- документальный
- Тілдер
- ағылшын
- Жас шектеуі
- 18+
Шығармашылық топ
- Режиссер
- Constantine Costi
- Режиссер
- Constantine Costi
Қолдауымен
Марапаттар, номинациялар және іріктеулер
- Australian Film Critics Association Awards · 2026
- Үздік деректі фильм — Constantine Costi
- Sydney Film Festival · 2025
- Үздік деректі фильм · Documentary Australia конкурсы





