Фестиваль Алматы қаласында 16-20 қыркүйек аралығында өтеді.
SPOT атауы «кездесу нүктесі» идеясынан шыққан: бұл жергілікті аудиторияның жаһандық мәдени контекстке қол жеткізетін, ал киноның диалог, жаңа байланыстар мен ортақ тәжірибеге себепші болатын орны.
SPOT Film Festival бағдарламасында әлемнің ең ірі кинофестивальдерінде көрсетілген деректі және көркем фильмдер ұсынылады. Олардың көбін үлкен экранда SPOT-та ғана тамашалай аласыз.
SPOT NOW қазіргі көркем киноның ауқымды бейнесін көрсетсе, SPOT MIDNIGHT — оның батыл, жанрлық әрі экспериментал қырын ұсынады.
Иә, кейбір фильмдерді қайталап көрсетеміз деп жоспарлап отырмыз.
Барлық фильм түпнұсқа тілінде, қазақша және орысша субтитрмен көрсетіледі.
Билеттер жақында сатылымға шығады. Билет жайлы ақпаратты осында және Instagram парақшамызда хабарлаймыз.