
Nuisance Bear
Көрсетілімдер
- Арбамен кіру мүмкіндігі
- Ашық субтитрлер
Бағдарламада
Nuisance Bear туындысында ақ аю арқылы қазіргі заман адамы жайлы, оның табиғатпен және бізге үйреншікті жүйеге сыя бермейтін өзге тіршілік иелерімен қарым-қатынасы туралы күрделі әңгімеге жол ашылады. Бұл әңгіме адамдардың жануармен қарым-қатынасын қалай қалыптастыратынын бақылаудан біртіндеп өрбиді. Бірте-бірте аюдың ізіне түскендердің қатаң бақылау жүйесі құрылғаны байқалады. Бір жағдайда аю жұртқа пайда әкелсе, енді бірде қауіп немесе кедергі ретінде қабылданады. Аюдың басынан өткендері мен жаңа ортаға бейімделуі біздің өзгелермен бірге өмір сүру тәртібіміз жайлы терең ойға салады. Өзіміз құрған жүйеден қателік кетсе де, неге оны жөндеуге құлықсызбыз? Мұның себебі бар ауыртпалықты сол жүйеге бағынбайтындарға арта салуға үйреніп қалғанымыз емес пе екен?
- Топтамалар
- SPOT DOC × Tselinny
Синопсис
Канададағы Черчилл қалашығында ақ аю туристер, аңшылар мен табиғат қорғаушыларының қалың ортасынан өзіне жол салуға мәжбүр. Nuisance Bear фильмі аюдың осы бір машақатқа толы жолын бақылай отырып, табиғат жайлы кинода қалыптасқан көзқарасты төңкеріп тастайды да, мұнда шын мәнінде кім бөтен деген сұрақ төңірегінде ойландырады.
Мазмұн туралы ескерту
Жануарларға қатысты кейбір көріністер көрерменге ауыр тиюі мүмкін.
Фильм туралы
- Режиссер
- Gabriela Osio Vanden, Jack Weisman
- Жыл
- 2026
- Ел
- Америка Құрама Штаттары, Канада
- Ұзақтығы
- 89 мин
- Жанр
- документальный
- Тілдер
- ағылшын, инуктитут
- Жас шектеуі
- 12+
Шығармашылық топ
- Режиссер
- Gabriela Osio Vanden, Jack Weisman
- Режиссер
- Gabriela Osio Vanden, Jack Weisman
Қолдауымен
Марапаттар, номинациялар және іріктеулер
- Sundance Film Festival · 2026
- Гран-при · Америкалық деректі кино


